15.07.2009, 16:54 2623

Теңізге құлаған Ми-8 тікұшағында ұшып келе жатқан екі әзербайжандық мұнайшының мәйіттері жағалауға жеткізілді

Теңізге құлаған Ми-8 тікұшағында ұшып келе жатқан екі әзербайжандық мұнайшының мәйіттері жағалауға жеткізілді

Баку. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 12 шілдеде теңізге құлаған жүк таситын Ми-8 тікұшағында ұшып келе жатқан екі әзербайжандық мұнайшының мәйіттері жағалауға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің Изербайжанға тиесілі бөлігінде МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

"Изербайжан әуе желілері" ЖАҚ тиесілі жүк тиейтін МИ-8 тікұшағы "28 мамыр" кенішіндегі №4 платформадан ұша бере теңізге құлаған. Тікұшақ бортында 6 адам: үш экипаж мүшесі мен үш мұнайшы болған. Құтқару шараларының барысында экипаж командирін, бортинженер, бортмеханик пен бір мұнайшыны құтқаруға мүмкіндік туды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны