09.06.2008, 09:57 1256

"Тентек" шахтасындағы апат салдарынан үйінді астында қалған 5 кеншінің мәйіттері табылды

"Тентек" шахтасындағы апат салдарынан үйінді астында қалған 5 кеншінің мәйіттері табылды

Қарағанды. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Тентек" шахтасындағы апат салдарынан үйінді астында қалған 5 кеншінің мәйіті сенбі күні табылды. Бұл туралы "Көмір" әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің бас инженері Геннадий Селинский мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Барлық мәйіттер сот медициналық сараптама жасалғаннан кейін жерлеу үшін туған туысқандарына беріледі.

Бес мәйіт жұмыс орындарынан 26-24 метр жерден табылған. Естеріңізге сала кетсек, үйінді ұзындығы 100 метрді құраған.

Қазіргі уақытта үйіндіні аршу жұмыстары жалғасуда. Газ жағдайының ахуалы үнемі бақыланып отыр. Забойдағы газ концентрациясы Қауіпсіздік техникасының ережелеріне сай, деп хабарлады құтқарушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны