19.09.2007, 18:26 2789

"Теплокоммунэнерго" МКК банкроттыққа ұшырағаны жөнінде құжаттар тапсырды

"Теплокоммунэнерго" МКК банкроттыққа ұшырағаны жөнінде құжаттар тапсырды.

Семей. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейлік "Теплокоммунэнерго" МКК-ның қаржылық ахуалы тым нашар деп бағалануда, осыған сәйкес компания банкроттыққа ұшырғаны жөнінде құжаттар тапсырды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов Семейде Қазақстан Республикасының вице-премьері Өмірзақ Шүкеевпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде кәсіпорын үлкен қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Дебиторлық қарызы 267 млн теңгеден, ал кредиторлық қарызы 862 млн теңгеден асып жығылады. Және де бұл 2003 жылдан бері жалғасып келеді. Біз бұл тоқыраушылықтан шығу үшін кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жөнінде жоспар әзірледік",- деді Жәнібек Кәрібжанов.

Ол, "Теплокоммунэнерго" МКК банкроттыққа ұшырғаны жөнінде құжаттар тапсырғандығын хабарлады. "Олар 23-қыркүйекте облыстық сотта қаралады. Одан әрі реабилитациялық шаралар жүргізілетін болады",- деп қосты әкім.

Сонымен қатар, Теплокоммунэнерго" МКК басшылығы өздерінің жылу қуатының тарифін өсіруге өтініш бермек ниеттері туралы мәлім етті. "Қазіргі тариф шығынды болып табылады және де шығын жылдан жылға өсіп барады. Ал мазут пен көмір бағасының өсуі шығынның 120 млн теңгеден артық өсуіне әкеп соқтырады",- деп хабарлады Теплокоммунэнерго" МКК директоры Сергей Володько. Ол сондай-ақ, нақты өзіндік құн мен қазіргі тарифтің арасындағы айырмашылық 60 пайызды құрап отыр, деп қосты.

Өмірзақ Шүкеев өз кезегінде энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсембай Тұрғановтың төрағалығындағы комиссияға "тарифті халықтың қалтасы көтере алатындай деңгейде қайта қарау мүмкіндігіне талдау жүргізуді" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны