16.04.2012, 11:54 3473

ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 565 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Үкімет жүзеге асырып жатқан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қазақстандықтардың баспана жағдайының сапасын арттыруға негізделуде. 2012 жылы Бағдарламаға енгізілгелі отырған өзгертулер халықтың барлық санаты үшін осынау тетіктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергелі отыр.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 565 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет жүзеге асырып жатқан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қазақстандықтардың баспана жағдайының сапасын арттыруға негізделуде. 2012 жылы Бағдарламаға енгізілгелі отырған өзгертулер халықтың барлық санаты үшін осынау тетіктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергелі отыр.

Бұл Бағдарлама Елбасының "Болашақтың іргесін біргей қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген тапсырма бойынша былтыр ілкі режимде іске асырыла бастаған еді.

ТКШ жаңғырту бағдарламасының тетіктерін іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды капиталдандыру үшін - 1 842 млн. теңге сома мақсатты трансферттер және әкімдіктің уәкілетті ұйымдарын капиталдандыруға- 5 500 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Қазіргі таңда 565 үйде, оның ішінде І тетік бойынша - 106 үйде, ІІ тетік бойынша - 459 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктен хабарлағандай, Бағдарламаның І тетігі бойынша 65 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласындағы жұмыстар толық аяқталды. Қалған өңірлердегі жұмыстар аяқталуға жақын.

ІІ тетік бойынша 459 үйді жөндеу жоспарланған болатын. 2012 жылдың 26 наурызындағы жағдай бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында 333 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ел Үкіметі қазіргі уақытта 2011 жылғы ілкі тәжірибені ескере отырып, Бағдарламаға өзгертулер енгізуде. 2013 жылдан бастап, тұрғын үйлер бұрынғы екі тетіктің орнына бір ғана схема бойынша - республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің есебінен әкімдіктердің уәкілетті ұйымдарын капиталдыру есебінен жөнделетін болады.

Атап айтқанда, тапсырыс беруші болып табылатын жеке пәтер иелері кооперативі мен әкімдіктің уәкілетті органы - ЖШС арасында келісімшарт жасалады. Пәтер иелерінің жалпы жиналысымен келісе отырып, ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді тартады. Пәтер иелері ПИК-ке (пәтер иелерінің кооперативі) бастапқы жарна салады, ол қаражат кейін әкімдіктің уәкілетті органы жүргізетін жөндеу жұмыстарын төлеу үшін пайдаланылады. Келісімшартта бекітілген мерзім ішінде пәтер иелері ай сайын жинақ ашқа салып отырады, кейін ол қаражат бөліп төлеу негізіндегі ЖШС-ға төленген қаржы болып есептелінеді.

Тағы бір ерекше айта кететін жайт, тұрғын үйлерді жөндеудің осы тетігін жүзеге асыруда әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек көзделген. Оларға кондоминиум нысанының ортақ мүлкін жөндеу шығындарын өтеу үшін және жарналарын төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны