02.03.2012, 10:46 4184

Төлем терминалдары арқылы темір жол жүру билеттері сатыла бастады

Бүгін Астанадағы темір жол вокзалында жолаушыларға билет сатудың жаңа қызметі іске қосылды.

Астана. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Төлем терминалдары арқылы темір жол жүру билеттері сатыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанадағы темір жол вокзалында жолаушыларға билет сатудың жаңа қызметі іске қосылды.

Енді, астаналықтар сан алуан қызметтер төленетін төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшаға темір жол жүру билетін ала алады.

Изірше ондай терминалдар Астана мен Алматы қалаларының темір жол вокзалдарында іске қосылып отыр. Оған қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жолаушылар арнайы токен, яғни төлем түбіртегін алады. Онымен кез келген кассаға барып, жол бүру билетін кезексіз алуға болады. "Ал "Тұлпар" пойызына түбіртек алған азаматтар билетті алмай-ақ бірден міне алады. Себебі онда автоматтандырылған жүйе бар. Сондықтан жолаушылар жеке куәлігі мен төлем түбіртегін көрсетсе де болады", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Стратегиялық даму жөніндегі атқарушы директоры Асылхан Қалдыкөзөв. Бұдан басқа, төлем терминалдарынан пойыздың жүру кестесі мен бос орындар туралы толық ақпаратты алуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның жоспарына сәйкес, осы айдың ішінде республика бойынша темір жол жүру билеттерін сатып алуға мүмкіндік беретін 1 мың терминал ашылады. Жылдың соңына дейін ондай қондырғылардың санын 3 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны