25.05.2012, 11:43 3263

Тони Блэр Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр Назарбаев Университетінде "Ғаламдық әлемнің талабы мен мүмкіндіктері" тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Тони Блэр Назарбаев Университетінде дәріс оқыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр Назарбаев Университетінде "Ғаламдық әлемнің талабы мен мүмкіндіктері" тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

"Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын Президент Назарбаевтың басшылығымен мерекелеп отырғанын мақтан етуі керек", - деп атап көрсеткен Тони Блэр, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамудың жаңа сатысына көтерілгенін айтты.

"Бәсекелес партиялары, жауапты, бірақ еркін баспасөзі, оңай бола бермейтін діни толернаттылық ұстанымы, жоғары құқыққа жету үшін заңнамалық және өзге де реформалары бар, сондай-ақ жемқорлыққа ғана емес, оған қолдау көрсетіп отырған жүйелерге қарсы күресетін дұрыс демократиялық жүйені дамыту қажет", -деп атап көрсетті Блэр өз сөзінде.

Университеттің студенттері мен қызметкерлері жарты сағат бойы қонаққа өздерінің сұрақтарын қойды. Тони Блэр студенттерді елдің болашақ көшбасшылары мен элитасы деп атады және оларға оқуда табыс тіледі. Ол үздіксіз білім алу мен жаңа білім алуға құштарлықтың маңыздылығын атап өтті.

Құрметті қонақтарға арналған кітапқа британдық саясаткер: "Мен осында келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жаңа және керемет білім ордасы. Болашақ - өмірге деген көзқарасы жарқын, білімді жас адамдарда. Назарбаев Университеті Қазақстанда осыны көрсетіп отыр."

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны