12.03.2012, 09:21 3280

Toyota АҚШ-та жүрген 700 мыңға жуық көлігін қайтарып алмақ

Toyota АҚШ рыногынан 681 мың 500 автокөлігін кері қайтарып алады. Ол соңғы жылдары қауіпсіздік жағынан көп сынға ұшыраған компания беделін қалпына келтіруге айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Toyota АҚШ-та жүрген 700 мыңға жуық көлігін қайтарып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Toyota АҚШ рыногынан 681 мың 500 автокөлігін кері қайтарып алады. Ол соңғы жылдары қауіпсіздік жағынан көп сынға ұшыраған компания беделін қалпына келтіруге айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.

BBC телерадиокорпорациясының хабарлауынша, Toyota 70 мың 500 Camry мен 116 мың Venza автокөлігін кері қайтарып алмақ. Аталған үлгідегі көліктердің майы ағып кетуі салдарынан қозғалтқыштың жұмысы қиындайтын көрінеді.

Tacoma көліктерінің рулінде ақау бар көрінеді. Ол кейін көліктегі қауіпсіздік жастықшаларының істен шығуына әсер етуі мүмкін. Мұндай көліктердің саны 495 мың дана.

Toyota мамандарының айтуынша, аталған ақауларды жоюға жарты сағат уақыт жеткілікті.

Компания Tacomа көліктерінің иелеріне сәуір айында хабар бермек. Ал, қалған көліктер қажетті қосалқы бөлшек алынғаннан кейін жөнделеді.

Былтыр қаңтар айында Toyota әлем бойынша 1 млн 700 мыңға жуық көлігін қайтарып алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны