13.10.2015, 11:33 4502

"Трансаэро" 15 қазанда ұшуын тоқтатуы мүмкін

15 қазанда банкротқа ұшырайын деп тұрған "Трансаэро" әуе компаниясыныӊ ұшуларын тоқтату туралы бұйрыққа қол қойылуы мүмкін, деп ақпарат көздеріне сілтеме жасап "Коммерсантъ" жазды

Астана. 13 Қазан. Kazakhstan Today - 15 қазанда банкротқа ұшырайын деп тұрған "Трансаэро" әуе компаниясыныӊ ұшуларын тоқтату туралы бұйрыққа қол қойылуы мүмкін, деп ақпарат көздеріне сілтеме жасап "Коммерсантъ" жазды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақпарат көзі атап өткендей, Ресей авиациясыныӊ жоспардан тыс тексеруі кезінде өндірістік көрсеткіштердіӊ нашарлауына байланысты әуе компаниясыныӊ жұмысын тоқтатуға тура келеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Изірге жолаушыларға назар аударып отырмыз - ұшу кестесіне қазір кедергі келтіруге болмайды. Ал 15 қазаннан "Трансаэро" рейстері арқылы тасымалдау бойынша қарбалас аяқталады", - деді ол.

Сарапшылардыӊ айтуынша, "Аэрофлот" бағыттық желісі "Трансаэромен" сәйкес келгендіктен, жолаушыларды тасымалдау бойынша проблема туындамауы тиіс. Алайда Қазақстанмен біраз қиындықтар болуы мүмкін, дейді олар.

Осыған дейін хабарланғандай, "Трансаэро" 25 сәуірге дейін ұшу бойынша жарты миллион билет сатты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны