14.09.2017, 16:31 3959

Түркі әлемі әдеби журналдары редакторлары Түркістан қаласында бас қосты

Түркістан қаласында кеше Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларыныӊ VІІІ конгрессі өтті.

Түркістан. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында кеше Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларыныӊ VІІІ конгрессі өтті.

"Түркістан - түркі мәдениетініӊ астанасы" мәдени жобасыныӊ аясында өткен конгресс жұмысына Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымыныӊ Бас хатшысыныӊ орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағыныӊ төрағасы Якуб Омероглы, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ хатшысы, "Жұлдыз" журналыныӊ бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет және т.б. 19 елден 30-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ ұйымдастыруымен өткен конгрестыӊ ашылу салтанатында облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз алып, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында айтылған тапсырмалардыӊ облысымызда орындалу барысын баяндады.

Конгресс барысында Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Изірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай (РФ), Дағыстан (РФ), Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косово, Македония, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанныӊ бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасады. Түркі әлемініӊ болашағын бағамдап, әдебиеті мен мәдениетін сақтау, тілін, ділін, ынтымақ, бірлігін одан әрі дамыту мәселелерін көтерді.

Конгресте Қазақстанныӊ латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыға айналды. Осы ретте "ТҮРКСОЙ" Бас хатшысыныӊ орынбасары Фырат Пурташ: "Латын әліпбиіне көшу - Сіздердіӊ тілдеріӊіз үшін жасалған игі қадам. Түркі Елдерініӊ ақсақалы Н.Назарбаевтыӊ бұл бастамасы тарихта алтын әріптермен орын алары сөзсіз" деген пікір білдірді.

Сондай-ақ, Еуразия Жазушылар Одағыныӊ төрағасы Якуп Өмероғлу: "Қазақ елініӊ латын қарпіне көшуі бастамасын құптарлық дүние. Бұл дегеніміз Түркі елдерініӊ бауырластығы тек тілінде ғана емес, жазуында да жақындай түсетіндігініӊ белгісі" - деген ыстық лебізін жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны