01.10.2018, 14:50 5181

Түркістан қаласыныӊ символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардыӊ бүкіләлемдік тізіміне кірді

Түркістан қаласыныӊ символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардыӊ бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл туралы "КӨНЕ ТҮРКІСТАН - ЖАӉА МҮМКІНДІКТЕР" атты Халықаралық инвестициялық және туристік форумда белгілі болды.

Түркістан. 1 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан қаласыныӊ символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардыӊ бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл туралы "КӨНЕ ТҮРКІСТАН - ЖАӉА МҮМКІНДІКТЕР" атты Халықаралық инвестициялық және туристік форумда белгілі болды. Жиында Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымыныӊ бас хатшысы Владимир Пискурев мәлімдеме жасап, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа мәртебелі сертификатты салтанатты түрде тапсырды.

Сонымен қатар, туристер үшін ерекше тартымды нысандардыӊ бүкіләлемдік тізіміне Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығы да кірген. Олардыӊ да сертификаттары өӊір басшысына тапсырылды.

"Бүгінгі күнді түркістандықтар үшін қуанышты сәт деп айтуға болады. Себебі, туризмніӊ тартымдылығы мен тұрақты туризмді дамыту жөніндегі халықаралық комитетінде осы облыстағы үш бірдей тарихи нысанға халықаралық деӊгейдегі мәртебе беріліп отыр. Мұндай қорытынды шығару үшін мыӊдаған адамныӊ арасында сауалнама жүргізіледі. Аталған нысандар комитеттегі барлық мемлекеттер тарапынан қолдауға ие болды. Осы ретте айта кетерлігі, бұрын-соӊды бір өӊірден құндылығы жоғары мұндай бірнеше тарихи орын шықпаған", - деді Владимир Пискурев.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Бұл мәртебе жаӊадан құрылған Түркістан облысыныӊ туристік әлеуетін көтеруге зор ықпал етеді. Бір облыстан бірден үш нысанныӊ халықаралық деӊгейде мойындалуы біздіӊ ғана емес, Қазақстанныӊ мақтанышы екені даусыз. Туризм саласы да ел эконоикасына қомақты үлес қосатын кез алыс емес" деді.

Бұл атақ өӊірге келетін туристердіӊ санын арттыра түсуге сеп болатынын айтады мамандар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны