14.09.2018, 21:49 4832

Түркістан облысы этнос өкілдерініӊ 84 пайызы мемлекеттік тілді еркін меӊгерген

Қазақстан халқыныӊ тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған "Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік тілі" атты мерекелік шарасы өтті

Түркістан. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дыӊ Мәдениет орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстан халқыныӊ тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған "Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік тілі" атты мерекелік шарасы өтті. Мақсаты - Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод сынды бастамаларға қолдау көрсету.

Айтулы шарада облыстық этномәдени бірлестіктердіӊ қолөнер бұйымдары мен ұлттық аспаптарынан көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков өӊір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

"Қазақстан халқыныӊ тілдері күні" мерекесіне орай түркі дүниесініӊ қарашаӊырағы - Түркістанда өтіп жатқан тұӊғыш облыстық тіл фестивалі құтты болсын! Түркістан - қазақ руханиятыныӊ алтын бесігі, ұлттық құндылықтардыӊ қазыналы діӊгегі. Түркістандықтар тіл мен дәстүр, тарих пен тәрбие тұрғысында байтақ Қазақстанымыздыӊ барлығына үлгі-өнеге болуы керек, - деді ол.

Жиын барысында өӊірде тіл саясатыныӊ жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, облыстық күрді этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Азимбай Надиров сөз сөйлеп, түркі әлемініӊ мәдени-рухани астанасында қазақстандықтардыӊ татулығын паш ететін Орталық Азияда теӊдессіз көрікті "Бірлік" аркасын салуды ұсынды. Бұл өз кезегінде туристердіӊ тамашалайтын көрікті орнына айналатындығын және бірліктіӊ бір нышаны болатындығы жөнінде атап өтті. Тілдер мерекесінде келешекте облыс орталығында бой көтеретін "Достық" үйініӊ алғашқы жәдігері ретінде "Достық кілемі" сыйға тартылды.

Салтанатты шарада қазақстандықтардыӊ берекелі бірлігін дәріптейтін "Шаӊырақ" поэтикалық-хореографиялық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердіӊ жанындағы шығармашылық ұжымдардыӊ қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Айта кететіні, қазіргі таӊда облыстыӊ барлық аудан, қалаларында мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын орталықтар жұмыс істейді. Өӊірдегі этнос өкілдерініӊ 84 пайызы мемлекеттік тілді еркін меӊгерген.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны