25.07.2018, 23:34 4146

Түркістан облысында "DAMUMED" мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген

Оныӊ айтуынша, мобильді қосымшаныӊ көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты есепке тұру және 23138 рет 5 жасқа дейінгі балалардыӊ ата-аналарын тіркеу сынды қызметтер пайдаланылған.

Түркістан. 25 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында "DAMUMED" мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өӊірдіӊ белсенді пайдаланушыларыныӊ 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасыныӊ басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, мобильді қосымшаныӊ көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты есепке тұру және 23138 рет 5 жасқа дейінгі балалардыӊ ата-аналарын тіркеу сынды қызметтер пайдаланылған.

"Облысымыздағы 49 емханада денсаулық сақтау саласында көп қолданылатын дәрігерді үйге шақырту, дәрігердіӊ қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу сынды қызметтерге қол жеткізе алатын медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Түркістан облысы бойынша қағазсыз технология 2018 жылдыӊ 2 сәуірінен бастап іске қосылды. Облыс бойынша медициналық құжаттаманы қағазсыз негізде жүргізу 32 пайызды құрап отыр", - деді Бастар Иуелханұлы.

Жылдыӊ соӊына дейін денсаулық сақтау саласы бойынша 100 пайыз техникамен қамтамасыз етіп, толығымен қағазсыз құжат айналымына өту жоспарланған. Сондай-ақ, мобильді қосымшасымен тұрғындардыӊ 30 пайызын қамту көзделіп отыр.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны