19.10.2018, 20:04 4745

Түркістан облысында Сайрам ауданыныӊ 90 жылдығы тойланды

Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданныӊ өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

Түркістан. 19 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Сайрам ауданыныӊ 90 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара Ақсукент елдімекеніндегі Мәдениет үйінде бастау алды. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданныӊ өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

"Сіздерді ауданныӊ 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Сайрам - Түркістан облысындағы ірі аудандардыӊ бірі саналады. Ауданныӊ өӊіріміздегі өндірістік-экономикалық әлеуеті жоғары деуге толық негіз бар. Халқымыз үшін Сайрамныӊ орны бөлек. Ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз қоныс еткен құтты өлкеде ел тарихындағы елеулі оқиғалар өтті. Мәртөбеде келелі кеӊестер ұйымдастырылып тұрған. Осы кеӊесте қазақтыӊ қайраткерлері мен билері, көсемдері мен шешендері ұлт тағдырына оӊ әсер ететін бәтуалы шешімдер қабылдаған. Қазақтыӊ көне қаласы Сайрам туралы әлем ғалымдары мен тарихшылары ой қозғаған. Атақты Махмұт Қашқаридыӊ еӊбектерінде де Сайрам жайлы айтылады. Орта ғасырларда қолөнер мен сауда орталығы ретінде танылған Сайрам бүгін де өз биігінен түскен жоқ. Ауыл шаруашылығына бейімделген аудан қайта уақыт өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Аталмыш салада жалпы өнім көлемі 1991 жылы 1 млрд. 227 млн. теӊгені құраса, 2017 жылы 58 млрд. теӊгеге жеткен. 26 жылдыӊ ішінде 46 есеге артып отыр. Ал, Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылында 7422 тонна ет өндірілсе, былтыр бұл көрсеткіш 26 660 тоннаға жеткен. Ауданныӊ ауылшаруашылық саласын дамытуға республикалық бюджеттен 636,8 млн. субсидия берілген. Экономика дамуыныӊ көрсеткіші саналатын шағын және орта кәсіпкерлік саласы Сайрам ауданында жақсы дамыған. 27 жыл бұрын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны 3000-нан сәл ғана асса, өткен жылғы есеп бойынша 13 мыӊнан асып түсті. Олардыӊ өндіріп жатқан өнімдері де қомақты", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиын Дендросаябақта жалғасын тапты. Онда қонақтар ағаш көшеттерін отырғызды. Өнерпаздар қасиетті өлке жайында сахналық қойылымдар қойып, патриоттық әндер орындады. Сондай-ақ, қонақтар "Құрметті азаматтар" аллеясымен, "Мәӊгілік ел" монументімен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрме - жәрмеӊкені тамашалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны