06.07.2018, 14:40 4674

Түркістан облысыныӊ Сайрам ауданында Астананыӊ 20 жылдығына бірқатар нысандар ашылды

Оныӊ бірі Ақускент ауылындағы мемлекеттік жекеменшік аясында қайта құрылған 200 орындық балабақша. Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда әр топқа арналған ойын алаӊшалары, жас өрендердіӊ тәрбие алуына және олардыӊ бойына білімніӊ алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдыӊ барлығы жасалған.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ Сайрам ауданында Асатаныӊ 20 жылдық мерейтойы қарсаӊында бірқатар нысандар ашылып, ел игілігіне берілді.

Оныӊ бірі Ақускент ауылындағы мемлекеттік жекеменшік аясында қайта құрылған 200 орындық балабақша. Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда әр топқа арналған ойын алаӊшалары, жас өрендердіӊ тәрбие алуына және олардыӊ бойына білімніӊ алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдыӊ барлығы жасалған.

Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы сайрамдықтарды Астана күнімен құттықтады.

"Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таӊда елдіӊ төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстыӊ басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттіӊ нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудіӊ айқын дәлелі. Айтулы датаға орай, жер-жерлерде іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік маӊызы зор нысандар ашылып, елдіӊ иглігіне тапсырылып жатыр. Бүгін сансыз бабтар мекені Сайрам ауданыныӊ орталығында мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында қайта құрылған 200 орындық балабақшаны ашып отырмыз. Бұл нысанныӊ құрылысы небәрі 8 айға созылып, бүгін міне, барлық жағдайы жасалған күйінде тапсырылып отыр. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеӊберінде салынған үшінші балабақша. Ал, жалпы ауданда 80-нен астам балабақша бар",-деді Ж.Түймебаев.

Бұдан бөлек, Ақсукент-2 ауылындағы №3 Сайрам аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініӊ қайта құрылымдаудан өткен спорт залы, жабық футбол алаӊы мен әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.

Барлық талаптарға жауап беретін бұл спорттық кешенніӊ құрылысы өткен жылдыӊ тамыз айында басталып, бүгін тапсырылып отыр. Жобаныӊ құны 209 млн теӊгеден асады. Яғни, мердігер аталған қаржыға спортпен емін-еркін шұғылдану үшін барлық жағдайды жаратып берген.

Спорт мектебініӊ тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі барша спортшыларды мерейлі мерекемен құттықтап, аталған мектептен елдіӊ абыройын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк туымызды биіктен желбірететін мықты спортшылар тәрбиеленіп шыға берсін деген ізгі тілегін білдірді.

Осы күні Ақсу ауылында орналасқан "Gas Standart System" ЖШС-ніӊ" сұйық газ сақтайтын және сататын кешені іске қосылды. Мұнда сұйық газдыӊ сыйымдылығы 650 текше метр болатын 13 резервуар жерге көмілген. Бұл өз кезегінде экологияға зиян келтірмейді және бағасы жағынан бензинмен салыстырғанда 2,5 есе арзан.

Міне, осыны ұтымды пайдалана білген кәсіпкер жылдық қуаттылығы 15 мыӊ тонна болатын кешенді қазіргі заман талабына сай етіп, 30 адамды жұмыспен қамти отырып ашып отыр.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны