04.07.2018, 14:05 1933

Түркістанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігініӊ ашылуы рухани қаланыӊ өмірінде айрықша сипатқа ие екенін айтқан облыс әкімі бұл өнегелі істердіӊ ұйытқысына айналар игі бастама болғалы тұрғанын жеткізді.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік және облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты.

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігініӊ ашылуы рухани қаланыӊ өмірінде айрықша сипатқа ие екенін айтқан облыс әкімі бұл өнегелі істердіӊ ұйытқысына айналар игі бастама болғалы тұрғанын жеткізді.

"Қасиетті Ислам дінін қадір тұтып, өмірініӊ басты мақсатына айналдырған өӊіріміздіӊ әрбір мұсылманы үшін қуанышты осынау жаӊалықпен сіздерді құттықтаймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ қасиетті де киелі Түркістанда тұрақты жұмыс жасайтын өкілдігініӊ ашылуы Ислам дінініӊ өркендеп өсуіне, діӊгегініӊ нығая түсуіне оӊ ықпалын тигізетініне біздіӊ сеніміміз мол",-деді Ж.Түймебаев.

Шарада сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораз тарихи оқиға - Түркістан облысыныӊ дүниеге келуімен барша түркістандықтарды құттықтап, ашылып отырған басқарманыӊ өкілдігі Ислам дінініӊ өркендеуі жолында жұмыс атқаратынын айтты.

"Қастерлейтін киелі орын Қожа Ахмет Яссауи бабамыз және осы халқымыздыӊ еӊ ардақтылары, ұлылары мен жақсылары мекен тепкен Түркістанда бүгін тағы да ерекше сәт. Елбасымыздыӊ Түркістанды облыс орталығы ретінде және рухани һәм мәдени орталық ретіндегі даму игі бастамаларын қолдай отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқа және ғұламалар кеӊесініӊ бір ауыз шешімімен мен өзімніӊ бірінші орынбасарым, Астанадағы Изірет Сұлтан мешітініӊ бас имамы болып қызмет етіп келген Наурызбай қажы Тағанұлын әкеліп сіздердіӊ алдарыӊызда айтайын, таныстырайын деп отырмын. Өте тәжірибелі, білімді, осы біздіӊ Орта Азияныӊ, қазақ мұсылмандық мектебініӊ қалыптасқан жетік түлегініӊ бірі. Сол үшін Түркістан қаласыныӊ тағы да рухани, мәдени және діни орталық ретінде дамуы үшін осы біздіӊ тарихи шешіміміз де тағы да оныӊ салмағы мен маӊызын арттыра түседі деп ойлаймын", - деді Серікбай қажы Ораз.

Сонымен Түркістан қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілі болып Астанадағы Изірет Сұлтан мешітініӊ бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны