10.12.2018, 02:01 12291

Түркістанда прокуратура күні аталып өтілді

Жалпы, 2018 жылдыӊ 11 айында облыстық прокуратура 13 мыӊға жуық азаматтыӊ конституциялық құқығын қорғаса, оныӊ 2300-і жасөспірімдер құқығына байланысты болған

Түркістан. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Прокуратура күні" мерекесіне орай, аталған салада қызмет етіп жүрген барша заӊ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған салтанатты шараға қатысты.

"Құрметті Прокуратура органдарыныӊ ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан бұл маӊызды орган - құқық қорғау жүйесініӊ орталық институттарыныӊ біріне айналды. Прокуратура органдары бүгінгі таӊда құқықтық саясатты, адамдардыӊ конституицялық құқығын қорғау, заӊдылық пен құқықтық тәртіп саласында өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда", - деді өӊір басшысы.

Мұнан соӊ, аталған сала мамандарын бүгінгі кәсіби мерекемен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Ж.Мәуленқұловтар құттықтады. Салтанатты басқосуда 16 прокуратура саласыныӊ қызметкері марапатталып, жас прокурорлар ант қабылдады.

Жалпы, 2018 жылдыӊ 11 айында облыстық прокуратура 13 мыӊға жуық азаматтыӊ конституциялық құқығын қорғаса, оныӊ 2300-і жасөспірімдер құқығына байланысты болған. Ал облыс әкімдігімен бірлескен "Қауіпсіз орта қалыптастыру" іс-шарасы аясында прокуратура қызметкерлері басқарған топтар 102 елді мекенде 70 мыӊға жуық адаммен кездесіп, 3 мыӊнан астам құқықтық көмектер көрсетіпті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны