30.05.2012, 10:57 2847

ҰБТ кезінде ұялы байланысқа қарсы аппаратура қолданылады

Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Биыл құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен ұлттық бірыңғай тестілеу бекеттерінде ұялы байланысқа қарсы арнайы аппаратура қолданылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Оның хабарлауынша, ол құрал-жабдықтар былтыр Қазақ агротехникалық университетінде сынақтан өтті. "Ол кезде біз Қазақстан, Ресей және Қытай шығарған ұялы байланысқа қарсы аппаратураның төрт түрін байқап көрдік. Осы құрал-жабдықтарды қолдануға қажетті барлық құжаттар бар. Олар адам денсаулығына зиын келтірмейді", - дейді М.Сарыбеков. Вице-министр атап көрсеткендей, аталған құрал-жабдықтар аудиториядан 2-4 метр қашықтықта орнатылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны