21.06.2012, 16:01 6190

ҰБТ қорытындылары Қазақстанда білім сапасының төмен екенін көрсетті

"43 мың мектеп түлегі қажетті балл жинай алмады. Бұл күрделі мәселе. Бұл, ең алдымен білім сапасы", - деп министр бүгін сенаттың жалпы отырысында атап көрсетті.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - ҰБТ қорытындылары Қазақстанда білім сапасының төмен екенін көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"43 мың мектеп түлегі қажетті балл жинай алмады. Бұл күрделі мәселе. Бұл, ең алдымен білім сапасы", - деп министр бүгін сенаттың жалпы отырысында атап көрсетті.

"Біздегі бүгінгі жағдай бүкіл білім жүйесіне абырой әпермейді, бірақ бұл шынайы көрінісіміз", - дейді ол.

Жоғары оқу орнына түсуге қажетті балл жинамаған мектеп түлектері колледждерде оқуын жалғастыра алады.

"Елде 894 колледж бар. Олар жұмыс істейді. Мамандық алу үшін олар ең алдымен дайындық бөліміне түседі (...). Біз әрине, бәрін жоғары оқу орындарына қабылдай алар едік, бірақ бұл да мәселені шешпейді", - деп Б.Жұмағұлов сенаторлардың ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алғандар қайда барады деген сұрағына берген жауабында.

ҰБТ Қазақстанда 2004 жылы енгізілді.

Биылғы жылы Қазақстанда 117 мың 432 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Олардың 43 мың 163-і жоғары оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны