11.08.2006, 14:51 2570

"Иділ сөз" 2005-жылдың маусым айынан бері Қазақстанда журналистердің соттардан ақпарат алу құқығын бұзуға қатысты 17 оқиға тіркеді

АСТАНА. 11-тамыз Kazakhstan Today. Сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Иділ сөз" қоры 2005-жылдың маусым айынан бері Қазақстанда журналистердің соттардан ақпарат алу және ашық сот мәжілісіне қатысу құқығын бұзуға қатысты 17 оқиға тіркеді. Бұл туралы "Аймақтық БАҚ-тардың альянсы" қоғамдық қорының заңгері Фаризат Қасымова бүгін "Сот іс-қызметіндегі ашықтық пен жариялылық" атты семинар барысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Идетте телеарналардың журналистері сот мәжілісіне қатысу проблемасына тап келеді. Судьялар операторларға мәжіліс барысын бейнетаспаға түсіріп алуға тыйым салады",- деді заңгер. Оның айтуынша, "Астанада журналистерге сот залында аудиожазба жасауға тыйым салу оқиғасы 2 мәрте тіркелген".

"ҚР Жоғарғы сотының "Сот талқысы барысында жариялылық принципін сақтау жөніндегі" нормативтік қаулысына сәйкес, іске қатысушы тараптар мен оған қатысып отырған азаматтар ашық сот мәжілісінің барысын отырған жерлерінде жазбаша түрде немесе аудиожазба түрінде түсіріп алуға құқығы бар. Ол үшін сотқа төрағалық жасаушы тұлға немесе іске қатысушылардан алдын-ала рұқсат алу талап етілмейді",- деді Ф.Қасымова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны