15.04.2015, 10:25 3157

"Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс -шарасы кезінде Қарағанды облысы ІІД табиғатты қорғау полиция бөлімімен Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлері және Балқаш РММ "Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жанауарлар әлемі" инспекциясымен үш тоннадан астам балық өнімдерін тәркіледі.

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - 14-ші сәуір күні "Уылдырық шашу" жедел алдын алу іс -шарасы кезінде Қарағанды облысы ІІД табиғатты қорғау полиция бөлімімен Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлері және Балқаш РММ "Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жанауарлар әлемі" инспекциясымен Шашубай селосынан бірнеше шақырым жерде, "балқаш -Саяқ" автожолында 40 жастағы Балқаш қаласы тұрғыныныӊ басқаруындағы "Газ -66" автокөлігі ұсталған. Көлік жүргізушісінде балыққа байланысты жүкқұжаттан басқа ешқандай құжаттар болмаған. Көлікті тексеру барысында көліктен балықтыӊ бірнеше түрі табылды. Азаматтан екі тоннадан астам көксерке, 1225 килограммнан астам құндыз және басқада балық түрлері тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты балықтарды алу көздерін, сатып алу, сату, дайындау, рұқсаттама берген жердіӊ нақтылығын, сонымен қатар балықтардыӊ нақты салмағын өлшеу сияқты тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны