19.05.2008, 15:52 2443

Үйлерді есептегіш құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары баяу жүргізілуде- Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

Үйлерді есептегіш құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары баяу жүргізілуде- Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Пәтерлерді есептегіш құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары баяу жылдамдықпен жүргізілуде. Мұндай пікірді бүгін парламентте өткен "үкімет сағаты" кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Нақты мерзім белгіленіп, есептегіш құралдарды пайдалана отырып субъектілермен есептесін отыратын тұтынушылар көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру жағдайы бүгінгі кезде мәз емес", - деп мәлімдеді Н. Алдабергенов.

Ол еске салғанындай, "Табиғи монополиялар туралы" заңына сәйкес есептегіш құралдар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қойылуы тиіс. 2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдаймен Алдабергеновтың мәліметтері бойынша, республика бойынша үйге қойылатын жылу қуатын есептегіш құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 14 пайызды құрайды. "Аумақтардың көпшілігінде орнатылған құралдар 2 - 3% құрайды", - деп атап өтті ол.

Суық суды есептегіш жеке меншік құралдары 57 пайызға қамтамасыз етілген болса, ыстық суға орнатылған жеке есептегіш құралдары 52% құрайды.

Н. Алдабергенов атап өткеніндей, ТМРА жасаған сараптық қорытындылары бойынша "төлемдер көлемі 20-40 пайызға дейін төмендеп, тұтынушылар үшін тиімді болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны