31.10.2006, 18:16 7453

Үкімет басшысы Астанадағы құрылыс нормативтерін қайта қарауды тапсырды

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов еліміздің индустрия және сауда министрлігіне Астанадағы нысандарды салуды реттейтін құрылыс нормативтеріне өзгерістер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитетіне Астана қаласына қатысты баспанамен қамтамасыз ету нормалары, мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды есептеу нормалары, тұрғын үйлер мен кешендердің жанындағы автотұрақ орындарының нормасы секілді маңызды мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды бір айда дайындауды тапсырамын",- деп мәлімдеді Д.Ахметов.

Сонымен бірге үкімет басшысы жеке меншік автокөліктердің санын нақтылауды тапсырды. Транспорттық тауқыметтерді шешуге байланысты параметрлер осыған байланысты өзгертіледі. Мәселен, Д.Ахметовтың пайымдауынша, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламада магистральдарды сегіз жолақты етіп салу мүмкіндігі қарастырылуға тиіс.

Жаңа нормативтер қаланың сәулет кескінін өзгертуге мүмкіндік бермек. "Бұл өз кезегінде қаланың архитектуралық кескін-келбетін, көлік шығындары мен басқа да факторларды өзгертуге алып келеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны