01.02.2013, 12:45 3434

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды

Министрлік басшысы Бақытжан Жұмағұлов жиналған қауымды Білім беруді дамытудтың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстырды және алдағы кезеңдегі міндеттерді жариялады.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрлік басшысы Бақытжан Жұмағұлов жиналған қауымды Білім беруді дамытудтың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстырды және алдағы кезеңдегі міндеттерді жариялады.

Министрдің айтуынша, өткен 2 жылда білім саласына қарастырылған бюджет 1,6 есеге - 1,3 трлн. теңгеге дейін өсті. Бюджет тәртібі де едәуір өсті - Министрліктің қаржыны игеру көрсеткіші 99,8 пайызды құрады. Б.Жұмағұловтың айтуынша, осы кезеңге қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның барлық нысанды көрсеткіштері орындалып отыр.

"Бағдарлама" бағдарламасының арқасында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 71,5% жетті, жекеменшік мектепке даярлық мекемелерінің саны 4 есеге өсті. 2013 жылдың1 қыркүйегінен бастап мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастайды. 2012 жылдан бастап жоғары оқу орындарында сәйкес пән мұғалімдері мен мамандарын даярлау басталды.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, сондай-ақ болашақтың орта білім жүйесінің үлгісі ретінде - елімізде Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі белсенді дамуда. 2 жылда Қазақстанның барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін таратудың тармақталған жүйесі тартылды.

Жоғары білім жүйесінде де маңызды өзгерістер орын алып отыр - әлемдік тәжірибенің негізінде жоғары оқу орындарының жаңа жіктелімі заңнамалық негізде бекітілді, экономиканың және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тапсырыстың құрамы қайта қаралды, Назарбаев Университетінің тәжірибесі жоғары оқу орындарына біртіндеп таратылуда.

Отырыста сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі.

Алқа отырысын сөз сөзімен қорытындылаған Үкімет басшысы министрліктің және жоғары оқу орындарының алдарына бірқатар міндет қойды. С.Ахметов, Үкіметтің, Министрдік пен жергілікті органдардың басты міндеттерінің бірі - мектепке дейінгі мекемелер құрылысына жекеменшік инвестициялар тарту екенін баса айтты.

"Үш жылдың ішінде мектепке дейінгі ұйымдарды екі есеге арттыру мәселесін шешу мүмкін болғанын ескерсек, енді алдағы үш жылда 100 пайыз қамтуды жүзеге асырайық",-деп түйді ол.

Үш ауысымда және апатты жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептердің проблемаларына да тоқталған Премьер-Министр, сондай-ақ мектептерді жан басы бойынша қаржыландыру тетігі ілкі режимде қолға алынатынын айтты.

Үкімет басшысы сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігіне бір айдың ішінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны