16.04.2007, 15:25 2671

Икімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Икімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады. . Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта республика үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз құжаттарды мемлекет басшысының қол қоюына 2008-жылдың басында түпкілікті ұсынуға тиіспіз",- деді А.Мусин.

Вице-премьердің айтуынша, қазір барлық мүдделі жақтар алдағы реформалар тұрғысында "ортақ түсінікке келу үшін" тұжырымдаманы жан-жақты талқылап жатыр.

Тұжырымдамаға мемлекеттік басқару жүйесінде қол қойылғанға дейін, вице-премьердің айтуынша, алдағы әкімшілік реформаның жекелеген тұстары біртіндеп енгізіле бастайды, сол үшін үш пилотты министрлік таңдап алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны