01.07.2008, 11:25 1554

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета шығарды

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета шығарды

Алматы. 1-шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, монета 2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АСТАНА 10 ЖЫЛ", оң жақта - қаланың онжылдық тарихының белгісі - астананың елтаңбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған.

Монетаның диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11,17 грамм. Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп, бедерленген. Таралымы - 50 000 дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны