02.04.2012, 13:54 3685

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 1 мыңнан астам операция жасалды

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 2 мыңнан астам адам емделді, деп хабарлады Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 1 мыңнан астам операция жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 2 мыңнан астам адам емделді, деп хабарлады Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

2011 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орталықта 2 мыңнан астам адам емделді, 1 мыңнан астам операция және интервенциялық операция жасалды, оның 700-дейі -ашық жүрекке жасалған операциялар",- делінген холдинг хабарламасында.

Тағы бір айта кететін жайт, өткен жылы жүректерінде туа біткен ақаулары бар балаларға 300 операция жасалды, бұған дейін мұндай науқастар шетелдерге жіберілетін.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық ғылыми-кардиохирургиялық орталық" Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіреді. Мұнда заманауи кардиология, кардиохирургия және интервенцияның барлық саласы қамтылған. Көмек ересектермен қоса, балаларға да көрсетіледі.

Орталық медицина ғылымы мен тәжірибесін ұштастырып, халықаралық ірі ғылыми-зерттеу жобаларына да атсалысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны