10.08.2012, 17:28 3037

Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларына өңірлерден келген науқастар саны 71 пайызды құрады

"Осы жылдың өткен мерзімі ішінде өңірлерден келген науқастар саны 71 пайызды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 24 пайызға артық", - дейді "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева.

2012 жылдың І жартыжылдығында холдингтің клиникаларына өңірлерден келген науқастар саны 71 пайызды құрады.

"Осы жылдың өткен мерзімі ішінде өңірлерден келген науқастар саны 71 пайызды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 24 пайызға артық", - дейді "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін І жартыжылдықта Ұлттық медициналық холдинг күні өткізілген болатын. Осы уақыт аралығында Республикалық санавиацияны үйлестіру орталығы 350 ұшуды жүзеге асырып, ауыр халдегі 460 науқасқа көмек көрсетілді.

"Сапар барысында мамандар кеңестер берді, операциялар жасады, шеберлік сабақтары мен лекциялар өткізді, сөйтіп жоғары мамандандырылған көмекті ел ішіне барынша жақындатты", - деп қосты Л.Ақтаева.

Жарты жыл ішінде холдинг клиникаларында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 18 мың науқасқа ем жасалды, бұл былтырғыдан 3,5 есе көп. Бұдан басқа, жұртшылыққа 420 мың амбулаторлық диагностикалық кеңес берілді.

Ұлттық медициналық холдинг жалпы төсек қоры 1396 болатын 6 инновациялық денсаулық сақтау нысандарын біріктіреді. Оның құрамына Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, Республикалық жедел жәрдем орталығы және Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық кіреді. 2016 жылға қарай холдинг базасында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны