11.02.2013, 10:18 3222

Үндістанда Кумбха-мела фестивалін мерекелеу кезінде 36 адам қаза болды

Құқық қорғаушылардың айтуынша, құрбандардың саны ұлғаюы мүмкін. Себебі зардап шеккендердің көбі ауыр халде ауруханада жатыр.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Жексенбі күні кешке Үндістанда Уттар-Прадеш штаты Аллахабад қаласында вокзалда Кумбха-мела фестивалін мерекелеуге келген адамдардың сығылысуы салдарынан 36 адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл күндері үнділер үшін қасиетті Кумбха-мела фестиваліне (Құмыра мейрамы) қатысуға миллиондаған адам келеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, құрбандардың саны ұлғаюы мүмкін. Себебі зардап шеккендердің көбі ауыр халде ауруханада жатыр.

Аллахабад қаласына жол жабық болғандықтан, қалаға тек пойыз арқылы жетуге болады. Кешке вокзалдағы платформада 4 мыңға жуық адам жиналып, ол жердегі адамдар сығылысып қалды. Бұл оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бірнеше куәгердің айтуынша, ТЖ полицияның адамдарды вокзалдан шығармай, ұзақ ұстап тұруынан орын алды.

Кумбха-мела мерекесі 55 күнге созылады және биылғы жылы наурыз айында аяқталады.

Есептеулер бойынша, биылғы жылы діни мейрамға 35 млн астам адам келді. Олардың қауіпсіздігін 15 мың полицей мен 30 мың ерікті қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны