12.10.2016, 11:42 5299

Универсиада алауын тұтату рәсімі 2017 жылғы 25 қаӊтар күні Астанада өтеді

Алауды алып жүрушілердіӊ нақты тізімі 16 желтоқсан күні жарияланады.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Петропавлдағы аймақтық Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылғы Универсиаданы өткізуге дайындық барысына арналған брифингте Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорыныӊ орынбасары Қайрат Биекеновтыӊ хабарлауынша, Универсиада алауын тұтату рәсімі 25 қаӊтар күні Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Президентініӊ қатысуымен өтеді. Алау эстафетасы 26 қаӊтар күні Петропавл қаласынан бастау алып, 29 қаӊтарда Алматыдағы ойындардыӊ ашылу салтанатында аяқталады.

Алауды алып жүрушілердіӊ нақты тізімі 16 желтоқсан күні жарияланады.

Универсиадаға арналған акциялар Қазақстанныӊ барлық өӊірінде өтеді. Олардыӊ еӊ бастысы - Алау эстафетасы.

"2011 жылы Түркияға 52 елден қатысушылар келіп, рекорд орнатқан еді. Біздегі Универсиадаға қатысу үшін 2 мыӊға жуық спортшы өтінім берді. 3 мыӊ ерікті көмек көрсетеді. Ойындар кезінде Алматыға 30 мыӊға жуық шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Илемніӊ 80 еліне трансляция жүргізіледі. Біз күткен телеаудитория - 1 млрд. адам", - деді Қайрат Биекенов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдыӊ 5 шілдесінде 2017 жылғы Универсиаданыӊ басты нысаны - Алатау ауданында орналасқан, 12 мыӊ адамға есептелген Мұз сарайыныӊ құрылысы аяқталды. Спорттық нысан, бюджет 32 млрд теӊгеден 17 млрд теӊгеге дейін оӊтайландырылғанына қарамастан, кестеден үш ай бұрын пайдалануға берілді.

Универсиада - Халықаралық студенттік спорт федерациясыныӊ (FISU) қолдауымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорт сайысы. Универсиада 50 жылдан астам уақыттан бері маӊызы мен өкілеттілігі жағынан әлемдік спорт аренасында өткізілетін екінші орындағы кешенді халықаралық іс-шара болып табылады. Жарыстарға 17 мен 28 жас аралығындағы, Универсиада алдында оқу бітірген түлектер, студенттер мен аспиранттар қатыса алады.

Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда 700-ден астам спортшы қатысып, 125 медаль ұтып алды.

2011 жылдыӊ 29 қарашасында Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы Бүкілдүниежүзілік Қысқы 28-ші Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерініӊ арасынан бірінші болып Қысқы Универсиада өткізбекші.

2017 жылғы Бүкілдүниежүзілік Қысқы 28-ші Универсиада Алматыда 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында өткізіледі. Алматыдағы Қысқы Универсиада жарыстарына 64 елден 2000 спортшы қатысады. Бұл - Қысқы Универсиадалар тарихындағы қатысушы елдер саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Универсиаданы өткізуге шетелдік және ел өӊірлерінен 3000 ерікті жұмылдырылмақ. Іс-шараға 30 мыӊға жуық шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде.

Телекөрермендер саны 1 млрд адамды құрайды деп күтілуде. Хабар әлемніӊ 80 еліне таратылады.

Универсиаданыӊ жалпы операциялық бюджеті 2 есе оӊтайландырылып, 17 млрд. теӊгені құрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны