25.12.2013, 21:36 3186

Үш жыл ішінде Қостанайда 5 жаңа балабақша салу жоспарланған

"Сонымен қатар, 584,5 және 284,6 млн теңге тұратын 200 орындық болжамды жұмыс істеп тұрған мектепке дейнігі мекемелердің жөнделуі үшін жобалау-сметалық құжаттары түзілуде", - дейді әкім.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Үш жыл ішінде Қостанайда 5 жаңа балабақша салу жоспарланған, деп хабарлайды әкімдік Қостанай қаласының әкімі Гауез Нұрмұхамбетовқа сілтеме жасай отырып.

"2014-2016 жылдар аралығында қалада республикалық бюджет есебінен 280 орындық 5 мектепке дейінгі білім беру ордасын салу жоспарланып отыр. Бұл мекемелер Амангелді ауылы, Солтүстік-батыс шағын ауданы, әуежайдың жаңашағын ауданы тұрғындарының игілігіне қызмет етпек", - дейді Г.Нұрмұхамбетова.

Оның айтуынша, 2010-2013 жылдары жеке меншік және мемлекеттік меншіктегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ғимараттары мен нысандарын қайтару жұмыстары жүргізілді.

"Қазіргі таңда босатылған үш ғимаратта 515 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Варваринское" АҚ, "Ақ ерке және К" ЖШС-нің демеушілік қаражаты пайдаланылды", - дейді.

"Сонымен қатар, 584,5 және 284,6 млн теңге тұратын 200 орындық болжамды жұмыс істеп тұрған мектепке дейнігі мекемелердің жөнделуі үшін жобалау-сметалық құжаттары түзілуде", - дейді әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны