25.05.2011, 10:02 2055

Үстіміздегі жылы 164 мыңға жуық мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

2011 жылы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің саны: 9-сыныпта - 254 163, 11-сыныпта - 163 921.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы 164 мыңға жуық мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2010-2011 оқу жылының аяқталуы және Қазақстан Республикасының жалпы білім беру оқу орындарының оқушыларына емтихандар өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 82 бұйрығына сәйкес республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты жиындар (соңғы қоңырау) өткізіледі", делінген хабарламада.

2011 жылы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің саны: 9-сыныпта - 254 163, 11-сыныпта - 163 921.

2010-2011 оқу жылының нәтижесі бойынша "Алтын белгіге" 5041 түлек үміттеніп отыр (2010 жыл - 3439).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны