30.06.2008, 16:36 6513

Изербайжан 2009 жылы зерттеу мақсатындағы ядролық реактордың құрылысын салуға дайындыққа кіріспекші

Изербайжан 2009 жылы зерттеу мақсатындағы ядролық реактордың құрылысын салуға дайындыққа кіріспекші

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан 2009 жылы зерттеу мақсатындағы ядролық реактордың құрылысын салуға дайындала бастамақшы. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жалпы комитетінің отырысы барысында Изербайжан милли меджлисі (парламент) делегациясының мүшесі Эльдар Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Изербайжанда атом қуатын өндіру секілді балама қуат көзі дәйектелуде. 2009 жылы біз зерттеу мақсатындағы ядролық реактордың және стерилизациялау қондырғысының құрылысын салуға дайындала бастамақшымыз", -деді Э. Ибрагимов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны