25.08.2015, 13:37 5132

Вице-премьер Б.Сапарбаев ҚР-дағы дуальді білім беру жүйесін сынға алды

Қазақстанда дуальді білім беру жүйесі тиімсіз жұмыс жасауда, деген сын айтты бүгін білім жүйесі қызметкерлерініӊ тамыз кеӊесі барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда дуальді білім беру жүйесі тиімсіз жұмыс жасауда, деген сын айтты бүгін білім жүйесі қызметкерлерініӊ тамыз кеӊесі барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вице-премьердіӊ айтуынша, оқытудыӊ дуальді жүйесі 2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді және жыл сайын осы жүйе бойынша кем дегенде 50-60 колледж кадрлар даярлауы тиіс, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Бүгінгі таӊда нәтиже қандай? Изірге бұл жүйе біздіӊ колледждерде дұрыс жұмыс жасамай келеді. Алайда, статистикаға қарасақ колледждеріміздіӊ 280-і білім берудіӊ дуальді жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Шын мәнінде олай емес", - деді ол.

Вице-премьер ТжәнеКБ ұйымдарына оқу жоспарларына өзгертулер енгізу қажеттігін айтты.

Атап айтқанда, ол "Кәсіпқор" холдингініӊ төмен тиімділігін атап өтті. Бұл мекеме, оныӊ пікірінше, оқу жоспарларын құру бойынша да, әлемдік деӊгейдегі колледждер құру бойынша да ешқандай нәтижеге жетпеген.

"Меніӊ ойымша, жұмысшы мамандықтар бойынша оқитын студенттерге көбірек іс-тәжірибе қажет, яғни 60% - іс-тәжірибе, 40% - теория болуы тиіс. Оқу бітірген соӊ қайда баратындығы туралы келісім болуы керек", - деді Б.Сапарбаев.

Вице- премьер айтып өткендей, дуальді оқытуға қатысты барлық мәселелер заӊнама түрінле қаралады.

"Бұл Елбасыныӊ тапсырмасы, бұл әлемніӊ үздік елдерініӊ тәжірибесі, салынып жатқан зауыттарда жұмыс істей алатын, инновацияныӊ не екендігін түсінетін жақсы жұмысшы кадрлар болсын десек, дуальді білім беру жүйесі бойынша дұрыс жұмыс жасайық", - деді Б.Сапарбаев ҚР БҒМ басшысы Аслан Сәрінжіповке қарата сөйлеген сөзінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны