04.01.2012, 10:16 3683

"Википедия" 20 млн доллар қайырымдылық қаржы жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

"Википедия" ашық онлайн-энциклопедия кампаниясы сейсенбі күні аяқталған қайырымдылық шарасы барысында рекордтық 20 млн доллар жинаған.

Лондон. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - "Википедия" 20 млн доллар қайырымдылық қаржы жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ВВС сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Википедия" ашық онлайн-энциклопедия кампаниясы сейсенбі күні аяқталған қайырымдылық шарасы барысында рекордтық 20 млн доллар жинаған.

Wikimedia Foundation коммерциялық емес компаниясы қаржы жинау шарасын қараша айында іске қосқан болатын.

Ең бірінші қайырымдылық салымдарының бірі Google-дің негізін қалаушы Сергея Брин мен оның әйелінің 500 мың доллар көлеміндегі гранты болды. Алғашқы рет "Википедия" мұндай шараны 2003 жылы ұйымдастырған болатын және жыл сайын қайырымдылыққа берілген қаражат саны өсе түсті.

"Біздің моделіміз тамаша жұмыс істейді", - деді қор басшысы Сью Гарднер.

Интернет-жоба үшін мақалаларды пайдаланушылардың өзі жазады, қазір онлайн-энциклопедияда олардың саны 282 тілде жазатын 20 млн адамға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны