12.01.2007, 15:49 2692

Владимир Школьник пен Дархан Қалетаев Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасарлары болып тағайындалды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қалетаев Дархан Аманұлы мен

Школьник Владимир Сергеевич Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының бұйрығымен Қалетаев Дархан Аманұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Ал Владимир Школьник бұған дейін индустрия және сауда министрлігін басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны