13.07.2015, 11:16 3382

"Вулкан" біліп қойды

"Өрлітөбе" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды (Павлодар облысы, қазақстандық - ресейлік шекара) есірткі заттарын өткізуге әрекетенген 33 жастағы Ресей Федерациясыныӊ азаматын ұстады.

"Өрлітөбе" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды (Павлодар облысы, қазақстандық - ресейлік шекара) есірткі заттарын өткізуге әрекетенген 33 жастағы Ресей Федерациясыныӊ азаматын ұстады.

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - "Павлодар - Омбы" бағытына жолға шыққан "Хигер" автомашинасын шекаралық бақылаудан өткізіп жатқан "Вулкан" атты қызметтік ит кенеттен, жол сөмкесін иіскелеп тұрып алды. Жол сөмкесін мұқият қарау барысында оныӊ ішінен полиэтиленді пакетке салынған, түр-түсі марихуанаға ұқсайтын, салмағы 15 грамм болатын зат табылды. Шекарашылар оныӊ есірткі екендігін бірден аӊғарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек АЕК (ақпаратты есепке алу кітабына) тіркеліп, аталған азаматты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 286 бабыныӊ 1-тармағына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту жоспарлануда.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны