21.01.2016, 15:40 4304

WhatsApp арқылы қауіпті тұмау туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желілер арқылы ажалды тұмау туралы таратылған жалған ақпарат бойынша Қазақстанда тексеру жүргізіліп жатыр

Алматы. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желілер арқылы ажалды тұмау туралы таратылған жалған ақпарат бойынша Қазақстанда тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Соӊғы уақытта әлеуметтік желілерде тұмауға қатысты үрей туғызатын ақпарат тарап жатыр. Ол шындыққа жанаспайды. Бұл ақпараттыӊ Алматыны айтпағанныӊ өзінде Қазақстанға қатысы бары-жоғы әзірге белгісіз. Алайда, ҚР Ішкі істер министрлігі бұл дерек бойынша орталықтандырылған түрде тексеру жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД-ніӊ ресми өкілі Салтанат Изірбек, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚР Қылмыстық Кодексініӊ жаӊа редакциясына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қасақана жалған ақпаратты тарату бойынша 5 мыӊ айлық-есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Өткен жылы әр түрлі бағытта жалған ақпарат таратқан 10 адам анықталды. Мұндай ақпараттар адамдар арасында үрей туғызатыны анық. Сондықтан мұндай жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, әлеуметтік желі арқылы ақпарат жазатын азаматтарды әр сөзі үшін жауапты болуға шақырамыз", - деді С. Изірбек.

Айта кетелік, WhatsApp мессенджерінде шошқа тұмауы туралы дыбыстық хабарлама таратқан әйел тұмау індетініӊ таралып жатқаны және шошқа тұмауынан 39 адамныӊ көз жұмғаны жайлы айтады. Ал бұл оқиғаныӊ қай жерде орын алғаны айтылмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны