17.05.2012, 13:15 2764

"WORLDDIDAC ASTANA 2012" халықаралық көрмесінде бірқатар шетелдік компаниялармен келісімшарттар жасалды

"Көрме барысында шетелдік компаниялар мен қазақстандық дистрибьюторлардың арасында бірнеше келісімшарт жасалды. Бұл көрменің үлкен жетістігі", - деді "WORLDDIDAC" қауымдастығының президенті Доминик Саваж өз мәлімдемесінде.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Астанада өткен "WORLDDIDAC ASTANA 2012" атты білім және кәсіби даярлауға арналған халықаралық көрмеде шетелдік компаниялар мен қазақстандық дистрибьюторлар бірқатар келісім жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Көрме барысында шетелдік компаниялар мен қазақстандық дистрибьюторлардың арасында бірнеше келісімшарт жасалды. Бұл көрменің үлкен жетістігі", - деді "WORLDDIDAC" қауымдастығының президенті Доминик Саваж өз мәлімдемесінде.

Ол сондай-ақ, қазақстандық оқытушылардың жаңа технологиялармен белсенді танысуға ынталарына тоқталып өтті. "Қазақстандық оқытушылардың жаңа технологиялармен танысуға және Қазақстандағы білімнің деңгейін көтеруге деген ынталары бізді қуантып тастады",- деп атап көрсетті Д.Саваж.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, көрме аясында таныстырылымдар, семинарлар, жарыссөздер өтіп, олардың барысында білім саласындағы инновациялар мен жаңа технологиялар талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық WORLDDIDAC қауымдастығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамашылығымен ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған "WORLDDIDAC ASTANA 2012" атты білім және кәсіби даярлауға арналған көрме 14-16 мамыр аралығында Астанадағы "Көрме" орталығында өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны