05.06.2020, 13:54 7746

"Ғылым Ордасы" ШЖҚ РМК бас директоры мен оның бағынышты қызметкері пара алуда күдіктелуде

Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - "Ғылым Ордасы" ШЖҚ РМК бас директоры мен оның бағынышты қызметкері пара алуда күдіктелуде.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша "Ғылым ордасы" ШЖҚ РМК бас директоры мен сол мекеменің бас экономисін әшкереледі.

Олар тиісті шартсыз мемлекеттік үй-жайларды жалға бергені үшін азаматтардан жүйелі түрде ақшалай сыйақылар алуда күдікке ілінді.

Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілер өз кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасуда.

Күдіктілердің кінә деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны