25.06.2019, 23:50 9702

Қызылордадағы ғылыми-әмбебап кітапханасында "Адалдық кітапханасы" залы ұйымдастырылды

Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Адалдық кітапханасы" залы ұйымдастырылды

Қызылорда. 25 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Адалдық кітапханасы" залы ұйымдастырылды.

Адалдық кітапханасына келген оқырмандар қажетті кітаптар мен журналдарды алып, 3 күн ішінде қайта әкеліп қалдырып кетеді. Кітапты беріп-алып бақылап отырған кітапханашы болмайды.

Сонымен қатар, кітапхана ғимаратынан "Адалдық дүкені" өз жұмысын бастады. Келген оқырмандар дүкеннен сусындар мен тәтті тағамдарды таңдап, алған заттары үшін әйнектелген қорапқа ақшасын төлеп кетеді.

Адалдық кітапханасы мен адалдық дүкеніоқырмандар арасында адалдық мен әдептілік құндылықтарын қалыптастырып, қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны