20.07.2019, 19:33 61985

Қызылордалықтар Арыстағы жарылыстан баспанасыз қалған отбасыға үй тұрғызып берді

Қалада болған жарылыс салдарынан жалпы 8 мыңнан астам ғимарат зақымдалған. Оның ішінде 7 мыңнан астам жеке, 104 көп қабатты тұрғын үй мен әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ қайта салынатындары да бар.

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today - "Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Түркістан облысында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, атқарылып жатыр. Әрбір аймаққа республикалық маңызы бар қала мен облыстар бекітіліп, жұмыс жүктелген.

Қалада болған жарылыс салдарынан жалпы 8 мыңнан астам ғимарат зақымдалған. Оның ішінде 7 мыңнан астам жеке, 104 көп қабатты тұрғын үй мен әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ қайта салынатындары да бар.

Жарылыстан баспанасыз қалған Бердімұратовтар отбасы күні кеше су жаңа үйдің кілтін қолына алды. 6-аймаққа жауапты Қызылорда облысы мен жергілікті Созақ ауданының құрылысшылары үйі жарамсыз қалған жанұяға жайлы шаңырақ салып беріпті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мұндағы үйлерді толық қалпына келтіру үшін 166 құрылысшы күндіз, түні еңбек етуде. 3 техника күші жұмылдырылып, 4 пластикалық цех іске қосылған. Үйдің анасы Қаламқас Әуезова оқиға орын алған сәтте жайбарақат өз шаруасымен айналысып отырған. Кенеттен қатты дауыс пен астаң-кестеңі шыққан баспанасын тастай қашқан ол тек үйдің құжаттарын ғана алып үлгеріпті. Қазір бұл оқиғаны еске алғасы келмейді.

"Қызылорда облысының құрылысшыларына ер-азаматтарға рахмет. Келіп жағдайымызды біліп, содан өзіміздің өтінішіміз бойынша осы үйімізге жақын жерден үй алып берді. Оны күрделі жөндеуден өткізді. Зәулім сарай етіп, 10 күн ішінде бізді жаңа қонысқа жайғастырды", - дейді Арыс қаласының тұрғыны Қаламқас Әуезова.

Арыстағы жарылыс жаңадан салынып біткен көп қабатты үйлерге де зардабын тигізген. Мәселен әскери аумаққа жақын "Көктем 2" тұрғын ауданы маңында бой көтерген мына үш қабатты 36 пәтерлі №6 үйде қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары басталыпты. Мердігер мекеме басшысы Талғат Бейсеновтың айтуынша, су жаңа көп қабатты үйдің апаттан соң шығыны 18 миллион теңгені құраған. Мұны сараптамадан маман шақыртып, есеп жүргіздік дейді ол. Жалпы құрылыстың жоба құны 273 миллион теңгеден асады.

"Төтенше жағдай себебінен қазіргі таңда бітіп тұрған ғимаратымыздың бүкіл қойған терезелері есіктері ударный волна дейді содан ұшып кетіп жарамсыз жағдайға жетіп отыр. Арыс құрылыс бөліміне сараптаманы тапсырып, сол сараптаманың шешімін күтпестен қазіргі күнде ғимаратты дер кезінде бітіріп ел игілігіне тапсыру масқатында жұмысшыларымыз жұмыс жасап жатыр", - дейді мердігер мекеме басшысы Талғат Бейсенов.

Бүгінде Арыста 5646 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып, оның 1100-ден астамы қалпына келтіріліп, 3 тұрғын үйдің құрылысы жаңадан жүргізіліп аяқталды. Мұндағы шаруаға 200-ге жуық құрылыс компаниясы мен жұмысшылар тартылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны