18.02.2019, 19:28 10274

Қызылордалықтар мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен ала бастады

Енді қызылордалықтар жеке басын растайтын құжатсыз-ақ мекенжай мен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды саусақ іздерін пайдалана отырып алу мүмкіндігіне ие.

Қызылорда. 18 ақпан. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Астана және Алматы қалаларынан кейін мемлекеттік қызметтерді алудың биометриялық әдісін Қызылордада енгізді.

Жаңа сервистің ресми таныстырылымы облыс әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуі барысында өтті.

Енді қызылордалықтар жеке басын растайтын құжатсыз-ақ мекенжай мен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды саусақ іздерін пайдалана отырып алу мүмкіндігіне ие.

Ол үшін бұрынғыдай электронды цифрлық қолтаңба немесе жеке бас куәлігінің қажеті жоқ. Жобаға қатысу үшін азаматтардан оң және сол қолдарының сұқ саусақтарының іздері талап етіледі. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде қолданылатын халықаралық стандарттарға сәйкес, биометриялық деректер базасына мәліметтерді оператордың көмегімен бас-аяғы 5 минуттың ішінде енгізуге болады.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе азаматтардың дербес деректерінің қорғалуын күшейтеді, өз бетінше алынатын қызметтер санының артуына әсер етіп, бөгде азаматтардың жалған анықтама алу фактілерін болдырмайды.

Таныстырылым барысында 100-ге жуық қызылордалық биометриялық деректер жүйесіне тіркеліп, мемлекеттік қызмет алып көрді.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорация биометриялық сервисті өткен жылдың желтоқсан айында іске қосты. Биометрия жобасы қыркүйек айына дейін өзге қалаларда да жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны