15.10.2019, 19:08 8299

Өзбек этнолингвистикалық жексенбілік мектебінде ашық сабақ өтті

Шара соңында "Пойтахт Ғунчалари" ансамблінің кіші тобы "Сарвинозим" биін орындап, "Ойижон" және "Көзімнің қарасы" әндерін тамаша шырқады.

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Елордалық №53 мектеп-лицейде "Зие" өзбек этнолингвистикалық жексенбілік мектебінің "Қадрли устозим ("Қадірлі ұстазым") атты мұғалімдер күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған ашық сабақ өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Каратаев, Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикром Ниязходжаев, ҚХА төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнара Тайгококова, "Дустлик" Қазақстан Республикасы өзбектер қауымдастығы төрағасының орынбасары Хасан Шәріпов, Өзбекстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Ойдинхон Маннопова, №53 мектеп-лицейдің директоры Зәмзәгүл Қиянова және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жексенбілік мектебінің кураторы Евгения Соловьева қатысты.

Іс-шара "Зие" өзбек этнолингвистикалық жексенбілік мектебі оқушыларының көрмесінен және қонақтардың құттықтау сөздерінен басталды. Өзбекстан Елшісі Саидикром Ниязходжаев Дүниежүзілік өзбек жастары ассоциациясы атынан жексенбілік мектепке кітаптар мен музыкалық аспаптар сыйға тартты. Ашық сабақ аясында оқытушы Гүлнара Жантураева өзбек тілі және "мақұлдау" (мінез-құлық мәдениеті) сабағынан, ал оқытушы Мейрамкүл Есенғалиева билингвалды оқыту әдістемесі бойынша өзбек тарихы мен әдебиетінен дәріс өткізді. Шара соңында "Пойтахт Ғунчалари" ансамблінің кіші тобы "Сарвинозим" биін орындап, "Ойижон" және "Көзімнің қарасы" әндерін тамаша шырқады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны