06.01.2016, 17:28 4689

Зейнетақымен қамсыздандыру заӊнамасындағы әскери зейнеткерлерге қатысты жаӊа өзгерістер

Ағымдағы жылы ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР күштік құрылымдарыныӊ қызметкерлері толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылуға көшіріледі. Бұл ретте әскери қызметшілер жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталымныӊ 50 пайызын мемлекеттік бюджетке қайтарады

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР күштік құрылымдарыныӊ қызметкерлері толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылуға көшіріледі. Бұл ретте әскери қызметшілер жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталымныӊ 50 пайызын мемлекеттік бюджетке қайтарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет аударып отырған жинақталымныӊ жартысын қолданыстағы әскери қызметшілер, толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алып жүргендер, 1998 жылғы 1 қаӊтардан кейін қызметке алғаш рет орналасқандар мен 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейін зейнетақы алуға құқылы адамдар қайтаруы қажет. Зейнетақысы толық көлемде есептелген қолданыстағы әскери зейнеткерлерге мұныӊ қатысы жоқ. Олар белгіленген зейнетақы төлемдерін алуды әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік зейнетақыны толық көлемде алу үшін міндетті зейнетақы жарналарыныӊ 50 пайызын қайтару кезінде толық көлемде жеткізе отырып, 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еӊбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі.

"Сөзсіз, әскери қызметшілердіӊ мемлекеттік бюджеттен зейнетақыны толық көлемде алатыны дұрыс шешім. Мен - қолданыстағы зейнеткермін. Алайда, зейнетақыны толық емес көлемде алып жүрдім. Себебі, 1998 жылғы 1 қаӊтардағы еӊбек өтілім шамамен 5 жыл болатын. Енді қайта есептеуден кейін меніӊ зейнетақым екі еселенді, яғни 60 000 теӊгеден 123 000 теӊгеге дейін ұлғайды. Барлық осы өзгерістердіӊ арқасында әскери қызметшілер зейнетті демалысқа шығар кезде лайықты зейнетақы алады деп ойлаймын", - деді запастағы медициналық қызметініӊ подполковнигі Серік Садыров.

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес әскери қызметшілер шартты түрде 3 санатқа бөлінгенін айта кеткен жөн. Бірінші санат - 1998 жылғы 1 қаӊтарда 10 жыл және одан да көп еӊбек өтілі барлары. Олар мемлекеттік бюджеттен еӊбек өтілі үшін толық көлемде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Олардыӊ зейнетақысы ақшалай ұсталымныӊ шамамен 50-65% құрайды. Екінші санат - 1998 жылғы 1 қаӊтарда еӊбек өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілер. Олар толық емес көлемде мемлекеттік бюджеттен және ақшалай ұсталымнан 20% көлемінде жүргізілген зейнетақы жинақталымдары есебінен зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Бұл санаттағылардыӊ зейнетақысы 1998 жылғы 1 қаӊтарға дейінгі жалпы еӊбек өтілі бойынша тағайындалады.

Үшінші санат - 61% құрайтын еӊ көп санды әскерилер. Яғни, 1998 жылғы 1 қаӊтардан кейін қызметке орналасқандар. Олар зейнетке шыққанда 20% көлемінде зейнетақы жинақталымдарынан ғана зейнетақы ала алады. Мемлекет есебінен олар зейнетақы алмайды. Олардыӊ зейнетақысыныӊ орташа көлемі 3-5 мыӊ теӊгені құрайды. Толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру әскери қызметшілердіӊ аталған санаты үшін өте маӊызды, өйткені, олар еӊ төменгі зейнетақы төлемдерін алушы еді.

Енді әскери қызметте шекті жасқа жеткеннен кейін, денсаулық жағдайы немесе ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша еӊбек өтілі 25 жыл немесе жалпы еӊбек өтілі 25 жыл (оныӊ ішінде 12 жыл 6 айы үздіксіз әскери қызмет) болған кезде барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджеттен толық көлемде еӊбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны