Система Orphus

Жаңартылған АӘК алуға өтініш қабылдаудың алғашқы күні 18 мыңнан астам адам өтініш білдірді

07.04.2019, 15:45 9559

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Жаңартылған АӘК алуға өтініш қабылдаудың алғашқы күні 18 мыңнан астам адам өтініш білдірді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды. АӘК тағайындау туралы өтініштер жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Бірінші күні атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алуға 18 137 адам жүгінген, оның ішінде 11 220 адам тиісті өтініш берді. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі Алматы облысында - 2712, Қарағанды облысында - 2086, Түркістан облысында - 1800 тіркелді. Адамдар ең аз жүгінген Маңғыстау облысында - 70 адам.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар 40 805 отбасының деректерін жаңартты, оларға бұрын тағайындалған АӘК қайта есептеу жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмаларын сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері АӘК тағайындау және төлеу бойынша кеңес беруге өңірлерге барды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек жүгінген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда ү.ж. 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету өлшемі күнкөріс минимумынан 50% - дан 70% - ға дейін өсіп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны