22.12.2014, 22:12 3483

Жаӊа жыл мерекесі күндері көлік полицейлері күшейтілген режимге көшеді

Көліктегі ІІД-ніӊ 900-ден астам қызметкері аймақтық ІІБ-мен бірлесіп 127 теміржол вокзалы мен 16 әуежайда қоғамдық тәртіпті, жолаушылардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыстыӊ алдын алады.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаӊа жылдыӊ мереке күндері және Рождество күні көлік полицейлері күшейтілген режимге көшеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

31 желтоқсан мен 4 қаӊтар аралығында және 7-8 қаӊтарда ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментініӊ жеке құрамы мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимге көшеді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Мереке күндері қоғамдық тәртіпті күзету және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу аса ден қоюды талап етеді. Көліктегі ІІД-ніӊ 900-ден астам қызметкері аймақтық ІІБ-мен бірлесіп 127 теміржол вокзалы мен 16 әуежайда қоғамдық тәртіпті, жолаушылардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыстыӊ алдын алады", - деп атап өтті Көліктегі ІІД басшысыныӊ орынбасары Талғат Өтетілеуов.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратынша, оқиға орындарына жедел шығу үшін арнайы жедел тергеу топтары құрылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны