08.12.2012, 11:03 1798

Жаңаөзенде тұрмысы төмен 95 және бюджет салысына қызмет ететін 75 азамат жаңа пәтерге ие болды

ҚР Премьер- Министрі Серік Ахметов Жаңаөзен қаласын 2020 жылға дейін әлеуметтік- экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жааөзен. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде тұрмысы төмен 95 және бюджет салысына қызмет ететін 75 азамат жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер- Министрі Серік Ахметов Жаңаөзен қаласын 2020 жылға дейін әлеуметтік- экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесті аша отырып, Серік Ахметов "Үкімет пен облыс әкімдігі Жаңаөзенді одан әрі дамыту бойынша қажетті шараларды іске асырып отырғанын" атап көрсетті.

"Бүтіндей алғанда, Жаңаөзеннің әлеуметтік- экономикалық өсу қарқыны көңілге қонымды. Кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде 48 млрд- тан астам теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 14,7 млрд. теңгесі биыл бөлінді. Бұл қаржыға тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, қаланың инфроқұрылымы дамытылуда",- деді Үкімет басшысы.

Жаңаөзеннің әлуметтік- экономикалық дамуы туралы толығырақ Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов баяндады.

Оның сөзіне қарағанда, жоспарды жүзеге асыру негізінен әлеуметтік сала, инженерлік инфроқұрылымдардың құрылысы, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жұмылдырылған.

"Үстіміздегі жылы дәрігерлік амбулатория, коммуналдық үй салу жұмысы аяқталды. 95 пәтер әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, 75 пәтер бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді. Жыл аяғына дейін 100 орындық перзентхана мен екі балабақша пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2013 жылы қалалық емхана мен 3 орта мектеп салынып болады. Осылайша Жаңаөзенде 3 ауысымдық оқу мәселесі түбегейлі шешіледі",- деді Б. Мұхамеджанов. Сондай-ақ, ол газбен қамтамасыз ету желісін кеңейту және қайта жөндеу жұмыстары аяқталғанын, басты жылу құбырлары алмастырылып, қаланың барлық жылу жүйесі жаңартылғанын айтты.

"Жыл басынан бері 6 мың адам еңбекке орналастырылды. Облыста жүзеге асып жатқан 11 ірі инвестициялық жоба бастамашыларымен Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен қамту туралы мемарандумға қол қойылды",- деп хабарлады, әкім.

Отырыс барысында Б.Мұхамеджанов аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсарту бойынша қолға алынып жатқан іс-шаралар туралы да хабарлады.

Кеңесті қортындылай келе, С.Ахметов орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

"Жаңаөзенді дамытуға қатысты Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау бойынша қосымша шаралар қабылдау керек. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолда бар резервтерді барынша іске қосу қажет. "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз","ҚазМұнайГаз БӨ" жаңадан құрылған кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етулері тиіс",- деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр "облыс пен қалада медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, қоғамдық көлікті ұйымдастыру және автокөлік жолдары сапасын арттыру жөнінде шұғыл шаралар қолдану туралы тапсырма берді".

"Бұл өмірлік маңызды мәселелер кезек күттірмей шешілуі тиіс",- деп түйіндеді С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны