05.01.2012, 14:15 3716

Жаңаөзенде жұмысқа қабылдау туралы 1308 адамнан өтініш қабылданды

4-қаңтардағы жағдайға сәйкес, "Өзенмұнайгаз" компаниясына 918 адам, "Қаражанбасмұнай" компаниясына 390 адам жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірген.

Атырау. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде жұмысқа қабылдау туралы 1308 адамнан өтініш қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, 4-қаңтардағы жағдайға сәйкес, "Өзенмұнайгаз" компаниясына 918 адам, "Қаражанбасмұнай" компаниясына 390 адам жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірген. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"4 қаңтар күнгі сағат 17.00-дегі жағдайға сәйкес, "Қаражанбасмұнай" АҚ мен "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалына жұмысқа орналасу туралы 1308 адам өтініш білдірген", - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны