26.03.2012, 15:41 3701

Жапонияда тағы бір ядролық реактор жұмысын тоқтатты

Жапонияның "Токио Электрик Пауэр" компаниясы "Касивадзаки-Карива" атом электр станциясының 6-ші қуат блогын техникалық тексерулер жүргізу үшін тоқтатып тастады. Бұл әлемдегі атом электрстанциясының ең ірісі саналады және Токио қаласын электр қуатымен жабдықтап келген болатын.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияда тағы бір ядролық реактор жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осылайша бұл елде тек жұмыс істеп тұрған жалғыз реактор ғана қалып отыр.

Жапонияның "Токио Электрик Пауэр" компаниясы "Касивадзаки-Карива" атом электр станциясының 6-ші қуат блогын техникалық тексерулер жүргізу үшін тоқтатып тастады. Бұл әлемдегі атом электрстанциясының ең ірісі саналады және Токио қаласын электр қуатымен жабдықтап келген болатын.

Бүгінде Жапонияда тек жалғыз ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Ол Хоккайдо аралындағы "Томари" атом электр станциясының 3-ші қуат блогы. Бұл реактор да мамыр айының басында техникалық тексеру мақсаттарына жабылады. Осылайша жазға салым Жапонияда жұмыс істеп тұрған атом электр станциялары қалмайтын болды. Осыдан 2 жыл бұрын Жапонияда 54 реактор жұмыс істеп тұрған болатын. олардың көбі 2011-ші жылғы наурызда Фукусима-1 атом жлектр станциясында болған апаттан кейін тексеруге жабылып, кейіннен жұмысын жалғастырған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны