15.10.2015, 11:15 4002

Желқуарда" жолы болмады

Еліміздіӊ солтүстігінде орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты "Желқуар авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (қазақ-ресей шекарасы) үлкен көлемдегі жүкті заӊсыз өткізуге әрекеттенген Ресей елініӊ азаматын ұстады

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ солтүстігінде орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты "Желқуар авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (қазақ-ресей шекарасы) үлкен көлемдегі жүкті заӊсыз өткізуге әрекеттенген Ресей елініӊ азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, шекаралық бақылау кезінде "Сибай (РФ) - Жітіқара (ҚР)" бағытында "DAF" көлігімен жол жүріп келе жатқан 42 жастағы азамат артып алған жүгіне, 29 тонна битумға, қатысты құжаттарын көрсете алмады.

Аталған дерек бойынша материалдар Жітіқара қаласыныӊ мемлекеттік кіріс бөліміне берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны